Қызылорда облысында тағы да заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Қызылорда облысында тағы да заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 сәуірде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Арал-Балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп «Уылдырық-2021» іс-шарасы кезінде заңсыз балық аулаудың тағы да екі дерегін анықтады.
Атап айтқанда, Арал ауданы, Көкарал теңізінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы тоғыз қап 484 кг. торта балығын заңсыз аулағаны үшін жергілікті тұрғын ұсталды.
Сондай-ақ, сол күні дәл осы тектес жағдайда 358 кг. торта балықтарын аулағаны үшін Арал ауданының тұрғындары ұсталды. Айғақ заттар алынды.
Екі дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.