Ақтөбелік полицейлер велосипед ұрлаған тұрғынды қолға түсірді
Ақтөбеде велосипед ұрлаған 53 жастағы тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын велосипедтер саны артып келеді. Өкінішке орай, онымен бірге оларды ұрлау дерегінің саны да өсуде.
11 сәуірде полиция қызметкерлері көп пәтерлі үйдің кіреберісінен велосипед ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің №1 ҚПБ қызметкерлері Металлургтер көшесіндегі үйдің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткен 53 жастағы қала тұрғынын ұстады. Шығын 50 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.
– Велосипед ұрлау – маусымдық қылмыс. Жылудың басталуымен көптеген қала тұрғындары екі доңғалақты көлікке ауысады. Қаскүнемдер көбінесе қоғамдық орындарда ұрлық жасайды. Негізінен ұрлық түнгі уақытта және көп жағдайда үйлердің кіреберістерінен орын алады. Облыстық Полиция департаменті екі доңғалақты көлігіңізді қараусыз қалдырмауды сұрайды. Велосипедтерді ұрылар құрбанына айналдырмас үшін ұрлыққа қарсы сапалы велоқұлыптар мен шынжырларды міндетті түрде пайдаланыңыз, – деп атап өтті облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Бұдан бөлек, облыстық ПД бастығы азаматтарды өз мүлкіне мұқият қарауға шақырады. Велосипедтерді, балалар арбаларын және басқа да «көліктерді» ұрлау көбінесе иелерінің немқұрайдылығынан болады. Велосипедті баспалдақ алаңында, тұрғын үйдің кіреберісінде, балалар мекемелерінің, сауда объектілерінің аумағында қалдырған жағдайда иесі өзінің «көлік құралын» қажетті құралдармен жабдықтауы қажет.