Шымкентте ішкі істер органдары қатарына түлектерді шақыру жұмыстары жүргізілуде
Шымкентте ішкі істер органдары қатарына түлектерді шақыру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасы жоғары оқу орындарының түлектерін ІІО-ның қатарына шақыру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен және Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетімен екіжақты келісімшарт жасалынды. Келісімшарт негізінде аталған жоғары оқу орындарының «5В0301000-Құқықтану» мамандығының бітіруші студенттері дипломалды практиканы және кәсіптік практиканы басқарма базасында өткізу ұйымдастырылды.
2021 жылғы 25 қаңтар мен 09 сәуір аралығында басқарманың тергеу, анықтау және жергілікті полиция қызметі бөлімдерінде студенттер қылмыстық процесс, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық бағыттары бойынша тиісті тәжірибеден өтті. Ондағы басты мақсат бітіруші жоғары оқу орнын бітіруші түлектерін мамандықты таңдауда жеткілікті ақпараттар беру, Ішкі істер органдары қатарына қосылуына ықпал жасау.
Сонымен қатар, №57 учаскелік полиция пунктінде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының «Арнайы пәндер» циклының филиалы жұмыс жасайды. Филиалдың жұмысы барысында оқу орталығының шақыртуымен Шымкент қаласында 7 жоғары оқу орнының студенттері келіп, полиция қызметі туралы қажетті мәліметтер алады.