Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қаңғыбастыққа салынған жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды

Түркістан облысында қаңғыбастыққа салынған жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында «Жасөспірім» іс-шарасы өтті. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, жастар қылмысы мен құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты азайту мақсатында өткізілген іс-шарада рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды. Түнгі мезгілде кафелер мен көшелерді аралаған полиция қызметкерлері беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүрген 25 жасөспірімді полиция бөліміне жеткізді.

Олардың 22-нің ата-анасына әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырылды. Ал, бір жасөспірім қаңғыбастыққа салынғандықтан, ата-анасының бас тартқан. Сондықтан шымкенттегі кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығына орналастырылды. Ата-анасы бас тартып, Екі жасөспірім тізімге алынды. Тәртіп сақшылары жасөспірімдер мен ата-аналарға ескерту жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған жастардың сағат түнгі 23:00-ден кейін көшелерде, ойын сауық кешендерінде, дүкендер мен қоғамдық орындарда, тұрғын жайлардан тыс жерлерде заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығын ескертеді.

Егер де кәмелетке толмаған жасөспірімдер мезгілсіз уақытта аталған орындарда заңды өкілінсіз жүргені анықталса, олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен хаттама түзіледі. Сондай-ақ жасөспірімдерді ойын-сауық мекемелеріне кіруіне жағдай жасаған мекеме иелері де жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру