Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде 45 жастағы ер адам жүк көлігінің бөлшектерін ұрлап кетті

Семейде жүк көлігінің бөлшектерін ұрлап кеткен ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөлімінің “102″ жедел каналына 55 жастағы қала тұрғыны хабарласты, ол ағымдағы жылдың 13 сәуірінде сағат 09:00-ден 10:00-ге дейінгі кезеңде таныс емес ер адам Широкая көшесінде орналасқан шаруа қожалығында “ЗИЛ 5301Е-3724” автокөлігінен автомагнитола, музыкалық динамиктер, кілттер жинағы мен домкратты ұрлап кеткенін айтқан. Осылайша ұры 100 мың теңгеден астам сомаға залал келтірді.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 41 жастағы күдіктіні анықтап, жеткізді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру