Әлеуметтік көмек алуға көмектеспек болған шымкенттік алаяқ анықталды
Әлеуметтік көмек алуға көмектеспек болған шымкенттік алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 2020 жылдың шілде айында белгісіз азаматша “мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек” алуға көмектесемін деп 40 мың теңге ақшасын алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамай жүргенін көрсеткен.
Жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азаматша анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полицейлер азаматтарға бейтаныс адамдарға сенбеуге, кез-келген мемлекеттік бағдарлама бойынша құжат тапсырарда тікелей мамандар көмегіне жүгінуге кеңес береді.