Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «МАN» жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады

Шымкентте жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 19 сәуір күні сағат 19:30 шамасында Бәйдібек би даңғылының бойында екі «МАН» маркалы және «Фолькцваген» маркалы, жалпы, үш көліктің қатысуында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Нәтижесінде көліктерге материалдық шығын келтірілді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстарын жүргізілді. Оның қорытындысына сәйкес «МАН» маркалы фураның жүргушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігімен (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру