Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құрылыс заттарын ұрлаған тараздық ұсталды

Қордай ауданы полиция бөлімі анықтау бөлімшесінің қызметкерлері ұрлық дерегін жедел ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Қордай ауданының полиция бөліміне «Байзақ Строй» ЖШС-нің 56 жастағы маманынан мүлікті ұрлау туралы шағым келіп түсті.

Тергеу іс-шаралары барысында сол түні аудандық ауруханадан белгісіз біреулер «Master Home» маркалы дәнекерлеу аппаратын және «Crouwn» маркалы тегістеуішті ұрлап кеткені анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті кінәсін толық мойындап, ұрланған заттар иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта қозғалған қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру