Атырауда жолды күтіп ұстау нұсқамасын орындамаған 4 тұлға жауапкершілікке тартылды
Атырауда жолды күтіп ұстау нұсқамасын орындамаған төрт тұлға жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11-20 сәуір аралығында Махамбет, Индер, Макат, Қызылқоға, Исатай және Құрманғазы аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына және автожолдарда орналасқан жасанды құрылыстарға көктемгі байқау жұмыстары жүргізілді.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына және автожолдарда орналасқан жасанды құрылыстарға көктемгі байқау жұмыстары Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе құрылған комиссия мүшелерімен бірге кешенді тексеріс зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бірлескен комиссия құрамында комиссия төрағасы, ретінде, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Ә.Оразғалиев комиссия төрағасының орынбасары ретінде Атырау облысы Әкімшілік полиция басқармасының жол және техника инспекциясы бөлімінің аға инспекторы Біржан Құлбарақов болып бекітілген іссапар барысында Атырау облысы көлемінен өтетін Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан «Құрманғазы-Байда 0-ден 29-шы шақырым» және «Индер-Карабау-Миялы-Сағыз тас жолының 0-ден 87-ші шақырым» жолының уақытша айналма жолдарының бойында орналасқан жасанды құрылыстарда кемшіліктер анықталды. Олар: жол жабынының жарылуы, шұңқырлар, толқындар, жол белгілерінің бүлінуі, жол
жиектерінде тұрмыстық қоқыстар тазаланбағандығы, уақытша айналма
жолдарда толқындар пайда болғаны және уақытылы шаңға қарсы, су себілмеуі.
Сондай-ақ, тексеру кезінде жолды күтіп ұстау нұсқамасын орындамағаны үшін төрт тұлға әкімшілік жауапкершіліккк тартылды.