БҚО-да алаяқтық жасаған қаскөйлер құрықталды
БҚО-да алаяқтық жасаған қаскөйлер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Автокөлікті жөндетемін деген БҚО тұрғыны кезекті алаяқтың құрбанына айналды.
Орал қаласында Қонаев ықшам ауданында көлігін жөндету үшін 1990 жылғы азамат өзінен төрт жас кіші З. есімді азаматтан көмек сұрайды. 1994 жылы туған З. есімді азамат сенімге кіргені соншалықты, кішкене жөндеу жұмысын жүргізу үшін 246 мың теңгесін алып, қайтармаған және автокөлікті жөндемеген. Осылайша 1990 жылы туған И. есімді азамат сан соғып қалды.
Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, бір емес бірнеше алаяқтық жасаған БҚО тұрғыны ұсталды.
М. есімді 39 жастағы азаматша материалдық құндылығы бар тауарларды алу жолымен алаяқтық жасаған. Ол бір уақытта 1975 және 1967 жылдары туған екі азаматшадан материалдық құндылығы бар заттарды иемденіп, қайтармай, 239 мың теңгеден астам соммада материалдық шығын келтірген.
Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.