Ақтөбелік полицейлер үйдің кіреберісінде әйелді ұрып-соққан күдіктіні ұстады
Ақтөбе қаласында полицейлер кіреберісте әйелді ұрып-соққан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 сәуір күні сағат 16:30-да белгісіз ер адам Ақтөбе қаласының 12-ші шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде әйелдің артынан жүгіріп келіп, оны жерге құлатып, ұрып, қашып кеткен.
Ақтөбе қаласының ПБ №2 ҚПБ полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді. Бейнебақылау камералары арқылы күдікті адамды анықтады. Ол 33 жастағы Хромтау ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті сол күні мас болғанын және ештеңе есінде жоқ екенін түсіндірді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.