Маңғыстауда кісі өлтіру дерегі ашылды
Маңғыстауда кісі өлтіру дерегі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылы 25 сәуірде Ақтау қаласының 5 шағын ауданындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен әйелдің мәйіті табылған болатын. Сонымен қатар, оқиғаны тергеп-тексеру барысында «Kaspi Gold» картасынан үш миллион теңге сомасындағы ақша қаражатының жоғалғандығы анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тінту кезінде полицейлер одан 2 миллион 500 мың теңге ақша қаражатын тәркіледі.
Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы негізінде Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.