Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД ардагерлері әрқашан сапта

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде ІІО ардагерлері мен жас қызметкерлері Құқық қорғау органдары мәртебесін арттыруға қызмет етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бөлімшелерінің барлық жеке құрамы басты міндеттерді орындауға, яғни қылмыспен күреске, заңды және жеке тұлғалардың конституциялық құқықтарын, мүдделерін қорғауға бағытталған.

Осы жұмыста оң нәтижелерге қол жеткізу үшін Департамент басшылығы ішкі істер органдары ардагерлерінің мүмкіндіктеріне де сүйенеді.

Полиция департаменті жанынан құрылған, отставкадағы милиция полковнигі Үдербаев Нұрлыбек Ғалиұлы төрағалық ететін ардагерлер кеңесі ПД басшылығы өткізетін барлық іс-шараларға, оның ішінде жас қызметкерлерге арналған жұмысқа, ант қабылдауға, саптық байқауларға және басқа да іс-шараларға қатысады.

Барынша дайындалған, шыныққан, мықты ардагерлер жас қызметкерлермен тәлімгерлік жұмыс жүргізуге, учаскелік полиция инспекторларымен шефтік жұмысқа тартылады.

Ардагерлер кеңесі өзінің жарғылық міндеттерін орындаудан басқа, ардагерлердің Ұлттық Ұланның жас қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне патриоттық, адамгершілік тәрбие беру және олардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жұмысқа қатысуын ұйымдастыруға, сондай-ақ халық арасында полицияның имиджін көтеруге және Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары мәртебесін арттыруға бағытталған.

Халықтың ІІО-ға деген сенімін нығайту және ҚР ІІМ жүйесінде қызмет атқару мәртебесін арттыру мақсатында, ардагерлер жергілікті халықпен, студенттермен, жоғары сынып оқушыларымен және белсенділермен кездесулерді жүзеге асыратын ақпараттық-насихаттау тобының құрамында қажырлы жұмыс жүргізуде. Өйткені, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру арқылы ғана жұмыс сапасын жақсартуға қол жеткізуге болады.

Осы мақсатта Полиция департаментінің басшылығы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасын (КӘЖ мүшелігінен басқа) Департаменттің аттестаттау, конкурстық және тәртіптік комиссиясының құрамына енгізу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің төрағасы Шығыс Қазақстан облыстық Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі президиумының мүшесі болып табылады. Бұл облыстағы барлық оқиғалардан хабардар болуға және олар туралы ІІО ардагерлерінің назарына жеткізуге мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысы ІІО ардагерлері барлық полиция қызметкерлерінің аға буынның жақсы дәстүрлерін лайықты жалғастыруын тілейді. Жаңа техникалық құралдармен және көлікпен жарақтандырылған қазіргі заманауи жоғары білімді кадрлар қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге, халықтың сеніміне ие болуға және олардың қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті қорғауға белсенді қатысуына ұйытқы болуға міндетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру