Атырауда полицияға қарсылық танытқан жүргізушіге айыппұл салынды
Атырауда полицияға қарсылық танытқан жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 мамыр күні сағат 01:00 шамасында Атырау қаласы ПБ-ның патрульдік полиция қызметкерлері Азаттық көшесінде орналасқан «Бармаглот» мейрамханасының тұсынан «Ваз 2110» маркалы автокөлігін жолдың қарама-қарсы бағытына шыққаны үшін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қашып кеткен.Полиция қызметкерлері автокөліктің артынан жүре отырып, С. Қаженбаев көшесі, 50 үйдің тұсынан тоқтатып тексерген кезде, 23 жастағы көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық танытқан. Сонымен қатар, аталған көлік жүргізушісінің көлік басқаруға құқығы жоқ екендігі де белгілі болған.
Нәтижесінде 23 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен (Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігімен (Жүргізуші куәлігі жоқ күйде жолдың қарама-қарсы бағытына шығу), ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен (Жүргізу құқығы жоқ күйде), 613-бабының 1-бөлігімен (Полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамау) әкімшілік хатттамалар толтырылып, 291 700 теңге көлемінде айыппұл салынды.