БҚО-да мектеп қызметкері жұмыс орнынан 12 ноутбук ұрлап кетті
Батыс Қазақстан облысында мектеп қызметкері өзі жұмыс істейтін мектептен 12 ноутбук ұрлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО-да мектеп қызметкері өзі жұмыс істейтін мектептен ноутбуктарды ұрлаған. Ол компьютерлік сыныптан еркін қол жеткізу арқылы 12 ноутбукты жымқырды. Қабылданған шаралар бойынша 30 жастағы азамат ұсталды. Ол сол мектептің қызметкері екені анықталды. Мектепке 1 799 000 теңге соммасында материалдық шығын келтірілді.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.м