Трамадол дәрісін заңсыз сатумен айналысқан атыраулық ұсталды
Трамадол дәрісін заңсыз сатумен айналысқан атыраулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 12 мамыр күні Атырау облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласы Балықшы поселкесінде 1985 жылы туылған әйел қала аумағында заңсыз 60 дана трамадол және 19 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргендігін анықтады, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) фактісі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды.