Теледидар ұрлаған түркістандық ұсталды
Теледидар ұрлаған түркістандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ арызданған жергілікті тұрғын үйінен 90 мың теңгелік Samsung теледидарының ұрланғандығын көрсеткен. Полицейлер оқиғаны ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алып, шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты шолып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты.
Нәтижесінде күдіктіні анықтап, қалалық полиция басқармасына жеткізді.
Тергеу барысында күдікті теледидарды ұрлағандығын мойындады. Айғақты зат иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға дүние мүліктерін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Егер сіз ұрлық пен басқа да қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.