Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында алаяқ тұрғындарға ақшаны пайызға салуды ұсынды

Ақтөбе облысында алаяқ тұрғындарға ақшаны пайызға салуды ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының басында Мұғалжар ауданының 28 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде «GVL NUR» және «Gulnur-zero-bet1» парақшаларын ашып, адамдарға оның банктік шотына ақша аударуды ұсынды. Оның орнына ол салынған соманың 30 пайызы мөлшерінде пайда табуға уәде берді. Бірақ, әдеттегідей, мұндай жағдайларда «салымшылар» табыс алып қана қоймай, өз ақша жинақтарын да жоғалтады. Түркістан облысының тұрғыны күдіктінің арбауына түсіп, 40 мың теңге көлемінде ақша аударған.

Полиция қызметкерлері осы әйелдің қолынан зардап шеккен адамдардан Мұғалжар АПБ-не хабарласуын сұрайды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

– Ең үлкен мәселе – сақтықты ұмытып, ойланбай әрекеттер жасайтын, кейін өкінішке алып келетін азаматтардың шексіз сенгіштігі, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Атығай Арыстановтың айтуынша, бұл – табыс алудың классикалық алаяқтық схемасы. Сізге керемет жоғары пайызбен ақша салу ұсынылады, кепілдендірілген табыс уәде етіледі және жобаға достарыңызды белсенді түрде тартуды сұрайды. Сақ болыңыз, сәтті инвестициялық компания қаржылық пирамидаға айналуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру