Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның үйінен заңсыз сақталған қару табылды

Түркістан облысының полицейлері «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды өткізілуде. Осы бағытта жүргізілген рейдтік-профилактикалық шаралар кезінде тәртіп сақшылары, Алғабас ауылдық округі Шақпақ ауылының батыс беткейінде 10 шақырым жерде орналасқан үйден жасырулы тұрған, заңсыз сақталған ҚР ІІО-да тіркелмеген 12 калибрлі бір ұңғылы ИЖ-18 маркалы қаруды анықтады. Қарудың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік шара көрілуде. Бүгінде аталған қарудың жарамдылығын анықтау үшін сараптама тағайындалған.

Атап өтсек, 2021 жылдың 17-мамырынан бастап Түркістан облысы аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты – тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау және сату жайттарын анықтау, атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу мен ашу, қарудың заңсыз айналымымен айналысатын адамдар мен қылмыстық топтарды, басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау.

Ал Бәйдібек ауданында ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес, республика көлемінде «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу» кезінде біршама жұмыстар атқарылған. Тұрғындар акция аясында еш жерде тіркелмеген, ата-бабаларынан қалған 14 дана қаруды өз еркілерімен өткізген. Қазіргі уақытта бұл қарулар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тіркелмеген қаруларыңыз болса, полицияға тапсырыңыздар деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру