Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 18 жастағы жігіт көлге батып кетті

Ақмола облысында 18 жастағы жігіт көлге батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 22 мамырда сағат 19:04-те Ерейментау АПБ кезекші бөліміне Ерейментау қаласының 49 жастағы тұрғынынан Қоржынкөл ауылының шалғайдағы учаскесінде орналасқан Қоржынкөл көлінде оның 18 жасар жиені суға батып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Алдын ала мәліметтер бойынша өлімнің себебі судағы қауіпсіздік шараларын сақтамау болды.

Полиция жылы күндердің күрт басталуына байланысты, жағажайлар әлі ресми түрде ашылмағанына қарамастан, азаматтар су қоймаларының жанында демалуға тырысатынын, ең қайғылы жағдайлар ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде жиі болатынын атап өтеді.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында полицейлер апта сайын профилактикалық рейдтер мен су айдындарына мониторинг жүргізуді, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады. Тәртіп сақшылары азаматтарды су айдындарында қырағылық пен сақтық танытуды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру