Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жылу құбырын жымқырмақ болған ұрыларды қылмыс үстінде ұстады

Түркістан облысының полицейлері жылу құбырын жымқырмақ болған ұрыларды қылмыс үстінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Оның айтуынша өзіне тиесілі жеке меншік балабақшасының ішіне белгісіз біреулер заңсыз кіріп, 65 метрлік жылу құбырларды бөлшектеп жатқанын байқайды. Ұрыларды көріп қорыққан жәбірленуші әйел жедел 102 нөміріне хабарласып полицейлерден көмек сұраған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп шұғыл оқиға орын алған жерге бет алады. Нәтижесінде шардаралық жедел уәкілдер өзгенің мүлкін жымқырмақ болған күдікті төрт азаматты қылмыс үстінде ұстап, бөлімшеге жеткізді.

Белгілі болғандай күдікті деп танылған төрт азаматтың жергілікті тұрғын екені анықталды. Сондай-ақ күдіктілерден айғақты зат ретінде бір дана болгарка, бір дана кабель алынды. Бүгінгі таңда ұсталған азаматтарға қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кәсіпкерлікпен немесе өздеріңіздің мекеме ғимараттарыңызға барынша қауіпсіздік шараларын жасауға кеңес береді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру