Таразда шымкенттік жігіт тұрғынның көлігін ұрлап кетті
Таразда шымкенттік жігіт тұрғынның көлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына 31 жастағы Тараз қаласының тұрғыны автокөлік ұрлығы туралы хабарласып, түнде қаланың шағын аудандарының біріндегі үйінің жанында тұраққа қойған ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтып шағымданған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, ұрланған көлікті қосалқы бөлшектерге сатқанын айтты.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.