Байқоңырда полицейлер темір ұрлаған күдіктіні ұстады
Байқоңырда полицейлер темір ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдіктің қызметкерлері 25 мамыр күні сағат 03:00 шамасында қызмет атқару кезінде Ақай аулының көшелерінің бірінде УАЗ автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында үш дана үш метрлік темір трубалары анықталды. Сұрастыру барысында олар ұрланған зат екені белгілі болды. Жүргізуші толықтай өз ісін мойындады. Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қазіргі таңда күдіктіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.