15 жастағы арыстық қыз үйден қашып, Шымкентте пәтер жалдап тұрыпты
Арыс қаласында 15 жастағы қыз үйден қашып, Шымкентте пәтер жалдап тұрыпты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 26 мамырында сағат 10:00-де Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Н. Жусипов өзінің белгіленген аумағында жұмыс атқару кезінде жалдамалы пәтерде 2006 жылғы жасөспірімнің жалғыз тұрып жатқанын анықтады.
Сұрастыру барысында Түркістан облысы Арыс қаласынан жасөспірім өз үйінен кетіп қалғанын айтып түсіндірді. Тәртіп сақшысы жасөспірім қыздың ата-анасына хабарласып, дін-аман табыстады.