Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 8 млн теңге қарызы бар борышкерге қатысты іс қозғалды

Павлодарда сегіз миллион теңге қарызы бар борышкерге қатысты іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот шешімінен кейін де борышкер қарызды қайтаруға асықпайтын кездер болады. Ал сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бүгінгі таңда Павлодар қаласының полициясында сот шешімін орындамаған сегіз факті тіркелді.

– Мысалы, Павлодар қаласының тұрғыны Павлодар ЖШС-нің бірінің басшысы Орал қаласының жеке кәсіпкерлерінің бірінің пайдасына шамамен сегіз миллион теңге көлемінде қарызды өтеу туралы Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімін орындамады, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Аталған факті бойынша ЖШС басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 430-бабы (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқару құжатын орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру