Түркістан облысының полицейлері көршісінің автобөлшектерін ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан облысының полицейлері көршісінің автобөлшектерін ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-ның кезекші бөліміне «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Оның айтуынша, түнгі уақытта өзінің ауласында орналасқан гаражының ішінен автокөлік бөлшектерін жасырын түрде жымқырып кеткен.
Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 95 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында аудандық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, қажетті шаралардың барлығын іске асырды. Жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында, күдікті азамат өз үйінен ұсталды.
Ол бұрын ұрлық қылмысы бойынша сотты болған жәбірленушінің көршісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай күдікті ер азамат түнгі уақытта көршісінің үйіне жасырынып кіріп, ауласында орналасқан гаражына ұрлыққа түскен. Ол жерден түрлі автокөлік бөлшектерін жымқырып, өзінің көлігіне орнатып алған. Бүгінгі күні барлық ұрланған заттар айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Түркістан облысының полицейлері ескертеді, барлық құнды заттарыңызға барынша сақ болыңыз. Үйлеріңізге, аулада орналасқан қандай да бір қоймаларыңыздың есігіне мықты құлыптар салып, бекітіп жүріңіздер. Егер, сіз де, ұрлық қылмысының құрбаны не куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыздар.