Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығы көпбалалы Жетесовтар отбасын мерекемен құттықтап барды

Ақтөбе облысы ПД бастығы көпбалалы Жетесовтар отбасын мерекемен құттықтап барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Даулеталин және «Динамо» ДШСҚ орынбасары Арыстан Тулепбергенов шығармашыл, көпбалалы Жетесовтар отбасын құттықтады.

​Жаздың алғашқы күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі халықаралық деңгейде өткізіледі. Бұл жолы ақтөбелік көпбалалы Жетесовтар әулетін құттықтаудың реті келді. Отбасының әрбір мүшесі дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Отбасылық «Шашу» ансамбльі елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де танымал. 21 баланы, оның ішінде 18 патронатты баланы тәрбиелеп отырған Жетесовтар отбасын құттықтап келген Атығай Арыстанов балаларға жақсылық, қуаныш және бақыт тіледі.

– Біз ұжыммен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, сіздің отбасыны құттықтайық деп шештік. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан сіздің осындай кеңпейілдігіңізге ризамыз, балаларыңыз бақытты болсын, еліміздің бетке ұстар азаматы болуына тілектеспіз, – деді ПД бастығы Атығай Арыстанов.

​Тәртіп сақшылары балаларға сыйлықтар мен тәттілер сыйлады. Отбасы басшысы Өмірхан Жетесов ПД бастығына алғысын білдірді. Бес жасар Жарқынай қонақтарға Жетіген ұлттық аспабында «Ана» әнін шырқап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру