Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері 16 млн теңгеден астам қарызы бар борышкерді анықтады

ШҚО полицейлері 16 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының жұмыс бағыттарының бірі алимент төлемейтіндер мен борышкерлерді іздеу болып табылады. Мәселен, Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне 32 жастағы азаматтан жеке кәсіпкердің пайдасына 16 033 389 теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының 8 желтоқсан 2020 жылғы қаулысы келіп түсті.

Арыз иесінен іскерлік қарым-қатынаста болған танысы 16 миллион теңге көлемінде қарыз алған.
Борышкер барлық соманы 2018 жылдың қыркүйегінде қарыз шарты бойынша бірден алған және құжатқа сәйкес ол қарызды үш айдың ішінде, яғни сол жылдың қазан айында қайтаруы керек болған. Алайда, қарыз алушы соманың бір бөлігін қайтармай, екі жыл бойы өтініш берушіден жасырынып келген.

2020 жылдың соңында жәбірленуші ақша қаражатын өндіріп алу үшін сот орындаушысына жүгінген.

Борышкердің тұрғылықты мекен-жайында тұрмағандықтан, оған іздеу жарияланды.

Іздестіру барасында көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскемен қаласында тұратын борышкерді анықтады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қаражатты өндіріп алу үшін сот орындаушысына борышкердің орналасқан жері туралы мәліметтерді жіберді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру