Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда велосипед ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды

Атырауда велосипед ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым күні сағат 22:30 шамасында Патрульдік полиция қызметкерлеріне 2002 ж.т азаматша Баймуханов көшесінің бойында орналасқан “Питница” алкомаркеті тұсында маркасы “Drive” велосипедін белгісіз адам ұрлап кеткені туралы арызданды.

Орын алған қылмысты ізін суытпай ашу мақсатында дереу-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, бір сағат ішінде Алмагул мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің алдында күдікті 1980 ж.т ер адам аталған велосипедпен бірге Патрульдік полиция қызметкерлерімен ұсталып, жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Атырау ҚПБ Патрульдік полиция командирі Нұрлан Сәрсенбаев қоғамдық орындарымен көшелерде орын алған қылмыстарды болдырмау, болған қылмысты дереу ізін суытпай ашу, сонымен қатар халықтың көп шоғырланатын қоғамдық орындарда коғамдік тәртіпті сақтау жұмыстары бірінші орында екенін айтып өтті.

Велосипедін қайтарған тұрғын полиция қызметкерлерінің қырағы әрі жедел әрекеттеріне өз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру