Жеделсатыда дәрет сындырған атыраулық жауапқа тартылды
Жеделсатыда дәрет сындырған атыраулық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 маусым күні сағат шамамен 10:00-де Атырау қаласы И. Тайманов көшесі үйлердің бірінің дәлізі ішінде орналасқан жеделсаты ішінде қоғамдық орында белгісіз адамның кіші дәрет сындырған бейнежазбасы әлеуметтік желілерге таралған болатын.
Полиция қызметкерлерімен тексеру кезінде аталмыш жазбадағы белгісіз адамның Атырау қаласының тұрғыны екені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.