Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда «Полиция барысы – 2021» турнирі өтті

Маңғыстауда «Полиция барысы – 2021» турнирі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың нұсқауымен Қазақстан полициясы күніне орай 11 маусым күні Полиция департаментінің «Динамо» спорт кешенінде «Полиция барысы – 2021» турнирі өтті.

Бұл жарыстың қатысушылары – құқық қорғау органдары қызметкерлері мен облыстың өзге де күш құрылымдары. Барлығы жарысқа 65 қатысушыдан тұратын 16 команда қатыстырылды. Олар екі түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Турнир салтанатты түрде ҚР Ұлттық ұланы 6 656 әскери бөлімі оркестрінің орындауындағы әнұранмен ашылды. Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Қалиев алғы сөз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа төрешілік еткен Маңғыстау облысы «Қазақ күресі» Федерациясы өкілдері болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанатты түрде өткізілді. Олар Полиция департаменті және «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының алғыс хаттарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. 80 келіге дейінге салмақ дәрежесінде турнирдің чемпионы Полиция департаменті атынан қатысқан Талғат Қуанай атанса, екінші орынды Қуандық Орынбаев, үшінші орынды Базарбаев Жанболат (Маңғыстау ст. ЖПБ) иеленді. Ал, 80 келіден астам салмақ дәрежесінде бірінші орынды Асхат Аманов иеленіп, екінші және үшінші орындармен сәйкесінше ПД ЖҚАЖ қызметкерлері Қуанышбаев Ақылбек және Сапарбай Самат марапатталды.

– Мұндай көлемді шараны өткізудегі басты мақсатымыз – қазіргі күш құрылымдары қызметкерлері арасында қазақ күресін дәріптеу және ұлттық спорт түрлерін ұмыт қалдырмау болып табылады. Жарысқа барлық қатысушылар үлкен дайындықпен келіп, барлық күш-жігерлерін салғандары байқалып, жеңіске деген жігерлерін танытқан барша қатысушылардың нәтижелері көңілімізден шықты, – деп атап өтті Алтынбек Қалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру