Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да алаяқ қыз зейнеткерге “сиқыр” көрсетті

ШҚО-да қарт ана 20 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 02 маусымында Шемонаиха ауданының ПБ кезекші бөліміне 69 жастағы қала тұрғыны 2021 жылдың 20 сәуірінде белгісіз қыз алдау жолымен оның ақшалай қаражатын иемденгені туралы айтып жүгінді.

Зейнеткер әдеттегідей банкоматқа ақша шеуге келген, сөмкесін қопарған ол көзілдірігін үйде қалдырып кеткенін білгенін ол, сол жердегі банкоматтың жанында тұрған бейтаныс қыздан көмек сұраған. Артық ойы жоқ әйел өз қартасының пин-кодын бейтаныс қызға айтып, 40 мың теңге шешіп беруін өтінген, одан әрі 20 мың теңгені зейнеткердің қолына ұстатқан, қалған 20 мың қалған деген сұраққа, “білмеймін, мүмкін банкоматта қаражат таусылып қалған болар” деген, алайда жетпей тұрған соманы жылпос қыз қалтасына басқаны анықталды.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық іс-әрекеттер жасады деген күдікпен Шемонаиха қаласының 17 жастағы тұрғыны әшкереленді, ол тергеу барысында кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру