Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару-2021” іс-шарасы: Қазғұрттық полицейлер тұрғыннан заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

Қазғұрттық полицейлер тұрғыннан заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Республика көлемінде 2021 жылдың 17 мамыр күні мен 17 маусым күндер аралығында республика көлемінде өтіп жатқан “Қару-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған байланысты Қазығұрт АПБ-ның қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабымен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) үш дерек анықталды. Мысалы полиция қызметкерлері “Қару-2021” іс-шарасы барысында жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз сақтауда тұрған “Иж” маркалы екі ұңғылы 16 калибрлі қаруын анықтады. Сондай-ақ екінші бір тұрғынның бір ұңғылы 16 калибрлі атыс қаруын заңсыз сақтап жүргендігі белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Қазығұрт аудандық сотына жолдады.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша 21 жайт анықталып, қару иелеріне әкімшілік анықтама толтырды.

ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабымен (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) төрт дерек анықталып, азаматтардан қарулары тәркіленіп алынды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері барлық облыс тұрғындарына заңсыз тіркелмеген қару алып жүргенге ҚР Қылмыстық кодексте жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру