Түркістан полицейлері қалта ұрысын қолға түсірді
Түркістан полицейлері қалта ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Ол әйелдің айтуынша, түнгі уақытта үйіне белгісіз біреу кіріп үш бірдей ұялы телефонын жымқырып кеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 150 мың теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағытталды.
Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні «ізін суытпай» үш сағат ішінде ұстады. Күдікті ер адам жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Белгілі болғандай, күдікті түңгі уақытта тұрғынның есігінің ашық екенін көріп, арам ойын жүзеге асырғысы келген. Содан соң іштегі үстел үстіндегі тұрған ұялы телефонды көріп, жымқыру ойы туындаған. Осылайша полицейлер күдіктінің бұдан алдында осындай ұрлыққа қатысы барын анықтады.