Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері телефон жымқырған шымкенттікті ұстады

Түркістан полицейлері телефон жымқырған шымкенттікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті әйел тұрғын хабарласып өзінің сауда дүкеніне белгісіз біреулер кіріп, құны 90 мың теңге болатын ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, жедел уәкілдер тобы небары 15 минуттың ішінде оқиға болған жерге келеді. Полицейлер телефон ұрлаған ұрының алысқа кете қоймағанын сезіп жақын маңайды толықтай аралап шықты. Сондай-ақ барлық бейнекамера құралдарын тексерді. Нәтижесінде күдікті ретінде жас бала анықталды. Полицейлер оның ізіне түсіп, жақын маңайдағы базарлардың бірінен ұстап, бөлімге жеткізді.

Белгілі болғандай күдікті азамат Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Полицейлер оның телефонды өз қажетіне жарату үшін ұрлағанын анықтады. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Бүгінде ұрланған телефон иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға, өз мүліктеріңіз бен қымбат бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру