Қызылордада «Шартты түрде сотталған» профилактикалық іс-шарасы басталды
Қызылордада «Шартты түрде сотталған» профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметтерінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында Қызылорда облысы аумағында 21-27 маусым аралығында «Шартты түрде сотталған» республикалық профилактикалық іс-шарасы басталды.
2021 жылдың 21 маусымында Қармақшы аудандық полиция бөлімі басшысының төрағалығымен жергілікті полиция қызметі мен пробация қызметінің бірлесіп атқаратын жұмыстарын пысықтау мақсатында жұмыс кеңесі өтті.
Жалпы іс-шараға аудандық полиция бөлімі мен пробация қызметінен 15 қызметкері және күнделікті полиция кешенді күштері тартылып, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты жерімен жұмыс орындары бойынша бірлескен тексеру жұмыстары жүргізіліп, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.