СҚО-да «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жеңгетайлық фактілері анықталды
СҚО-да «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жеңгетайлық фактілері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері маусымның 16-сы мен 18-і аралығында өткен «Стоп трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Тәртіп сақшыларының ерекше назарында – көңіл көтеру орындары, сауналар, құрылыс алаңдары, шаруашылық және фермер қожалықтары және тағы басқа орындар, бұнда адам саудасымен, сексуалдық және адам еңбегін пайдаланумен байланысты қылмыстардың жасалу қаупі жоғары.
– Жеңгетайлық фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. – Сондай-ақ, ҚР ҚК 262-бабыныңекі бөлігі (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер қатарында үш саунаның жалға алушысы және әкімгерлері бар, бұнда ақшалай сыйақыға интимдік қызметтер көрсету фактілері тіркелді.
Бұдан бөлек, М. Жұмабаев ауданында еліміздің аумағында құжатсыз және тіркелмей жүрген Өзбекстан Республикасының 41 жастағы тұрғыны анықталды. Сот қаулысына сәйкес шетелдік жеке тұлғасы анықталғанға дейін қабылдап-тарату орнына қамалды. Қайыршылық үшін 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды.