Шымкентте телефон ұрлығы бейнабақылау камералары арқылы ашылды
2021 жылдың 26 маусымында Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында аялдамада тұрғанда сөмкесінің ішінен құны 120 000 теңге тұратын Samsung маркалы ұялы телефонды белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктінің ұялы телефон ұрлағаны бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Аталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.