Қарағанды облысында ауылдасынан бір бас мал ұрлаған ер адам ұсталды
Қарағанды облысында ауылдасынан бір бас мал ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 маусымда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 64 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу жайылымнан бір бас малды ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 250 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – жәбірленушінің ауылдасы 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.