Қызылорда облысында «Квадрат» іс-шарасы аясында 38 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысында «Квадрат» іс-шарасы аясында 38 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Ақсай ПБ жанындағы №6 УПИ-ның ауқымды әкімшілік аумағында «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында полицейлер күшейтілген режимде жұмыс жасады. Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, патрульдеуді жүзеге асыру, профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеру, шағын және орта бизнес иелеріне заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар тарату, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау болып табылады.
Тұрғындардың мекен-жайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар тұрғындарға таратылды.
Айта кету керек, аумақта 29 800 тұрғын тұрады. Сонымен қатар профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 153 адамның 36-і мекен-жай бойынша тексерілді. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың 340 иесінің 34-і тексеріліп, қару сақтау ережесі бұзғаны үшін бір қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.
Алкогольге тәуелді адамдардың жиналуы мүмкін деген үш притон тексеріліп, іс-шара барысында барлығы 38 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.
Алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатқаны үшін бір сатушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық анықталды – төрт дерек; ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша (Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын) – біреу; ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандар түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүру) – 12; ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) – 14 дерек; ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша (Қару сақтау ережесін бұзу) біреу, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Қоғамдық орында масаң күйде жүру) – бір дерегі, ҚР ӘҚБтК-нің 591-1-бабы бойынша (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану) – екі, ҚР ӘҚБтК-нің 593-2-бабы бойынша (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) – үш, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабымен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) – бір дерегі бойынша құқық бұзушылық анықталды және әкімшілік хаттамалар жасалды.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.