Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер телефон ұрысын ұстады

Қарағандылық полицейлер телефон ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 мамырда Саран қаласының 25 жастағы тұрғыны Қарағанды облысының Саран қаласының полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу жұмыста қалдырып кеткен 73 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтты.

Жәбірленуші әйел саунада әкімші болып жұмыс істеген, түнгі уақытта пластикалық терезені ашып, моншаға кірген ұры, жәбірленушінің барда тұрған ұялы телефонын алып кеткен.

24 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру