Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жаяу жүргіншілерге арналған жаңа проекция жүйесі туралы айтты

Алматы полициясы жаяу жүргіншілерге арналған жаңа проекция жүйесі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пилоттық жоба шеңберінде Гоголь мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында, оңтүстік жағындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жол белгілерінің (зебра) жүріс бөлігіне проекция жүйесі орнатылды.

– Мақсат – жаяу жүргіншілер өткелдерін түнде мүмкіндігінше жарықтандырылған және қауіпсіз ету. Жүйе жыл мезгіліне және климаттық жағдайларға (жаңбыр, қар, жолдың ластануы) қарамастан, жаяу жүргіншілер өтетін аймақ пен ондағы жаяу жүргіншілердің дұрыс көрінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көбінесе, дәл осындай жағдайларда жаяу жүргіншілерді басып кетуге байланысты жол-көлік оқиғаларының максималды саны орын алады. Сондай-ақ проекция жүргізушілердің назарын аударуға мүмкіндік береді, бұл жүйенің басты артықшылығы болып табылады, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Эксперимент нәтижелері бойынша бағдарлама әкімшісі – Алматы қалалық мобильділік басқармасымен бірлесіп, осы жүйені одан әрі қаланың жол желісіне енгізудің орындылығы туралы шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру