Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау-Түркістан тас жолында 4 автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды 

Кентау-Түркістан тас жолында төрт автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 маусымда Түркістан облысы аумағында төрт автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты орын алған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты. Полицейлердің анықтауы бойынша Кентау-Түркістан тас жолында Lexus, Volkswagen, Daewoo және ВАЗ көліктері соқтығысқан.Жол көлік оқиғасының салдарынан Daewoo көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктің тағы да екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс жасауда.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Толық мән-жай тергеу барысында анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру