Шахтинскте алаяқ тұрғынның жоғалған әмиянын иемденіп алды
Шахтинскте алаяқ тұрғынның жоғалған әмиянын иемденіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 маусымда 45 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысының Шахтинск қаласының полиция бөліміне жүгініп, белгісіз біреу 40 мың теңгесі мен құжаттары бар әмиянды иемденіп алғаны туралы шағымданды. Келтірілген шығын мөлшері 80 мың теңгені құрайды.
Анықтай келе, оқиға былай өрбіген. Дүкендердің бірінде тауарға ақы төлеген адам сатушының сөресінде әмиянын қалдырып кеткен болып шықты. Мұны біреу байқап қалып, біраз уақыттан кейін ол сауда нүктесіне барып, әмиянын қалдырып кеткенін айтқан. Жоғалған әмиянды тапқан сатушы әйел әмиянның шын иесі екен деп ойлап, бере салған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
28 маусымда криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.