Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көпқабатты үйден желдеткіш құбырларын ұрлаған көкшетеулықтар қолға түсті

Көпқабатты үйден желдеткіш құбырларын ұрлаған көкшетеулықтар қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 28 маусымда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 55 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Әйел қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ұрлық болғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу келген учаскелік инспекторлар қаскүнемдер көп пәтерлі үйдің жеті шойын желдеткіш құбырын ұрлап әкеткенін анықтады. Шығын сомасы 150 000 теңгені құрады.

Учаскелік инспекторлар Асылхан Есімов пен Темірлан Алпысов ұрлаушыларды «ізін суытпай» тауып, күдіктілерді жедел-тергеу тобына тапсырды.

Қаскүнемдер Көкшетау қаласының 30 жастағы екі тұрғыны болып шықты, олардың бірі ұрлық орын алған үйдің тұрғыны болып табылады. Күдіктілер бұл әрекетін мойындады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер, атап айтқанда, желдету құбырлары тәркіленді. Күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру