Үйдің есігін бұзып, 270 мыңның ноутбугін ұрлап кеткен шығысқазақстандық анықталды
Үйдің есігін бұзып, 270 мыңның ноутбугін ұрлап кеткен шығысқазақстандық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың маусым айының басында Алтай қалалық ПБ кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2021 жылдың 20-23 мамыры аралығындағы кезеңде белгісіз біреулер есікті бұзып, оның үйіне кіріп, жатын бөлмесінен құны 270 000 теңге тұратын Аlser ноутбугін ұрлап кеткені туралы арызданды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 52 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.