Дәретхана қағазына трамадол салып, колонияға кірмек болған ер адам ұсталды
Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/8 мекемесінде дәретхана қағазына трамадол салып, колонияға кірмек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
В. есімді ер адам бұзақылық бойынша сотталған адамға қысқа мерзімге келгенде тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысты.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, дәретхана қағазының орамынан 150-ге жуық дана пайдалануға тыйым салынған «трамадол» дәрілері табылып, тәркіленді.
– Сотталғандармен және олардың туыстарымен тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілетін профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды беруді саналы түрде жалғастыруда, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабында көзделген әкімшілік жазаланатын әрекет болып табылады.