Ақтөбе облысының автожолдарында полиция жасақтары күшейтілді
Ақтөбе облысының автожолдарында полиция жасақтары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда 2021 жылғы 1-3 шілде аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Жолдағы құқықтық тәртіп» жоспардан тыс жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Облыс орталығынан барлық бағыттағы автожолдарда патрульдік, криминалдық полиция және кинологиялық қызмет қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар қойылды.
Аталған топтар жол қозғалысын қадағалаудан басқа республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда, трассаларға тікелей жақын орналасқан елді мекендер мен шаруа қожалықтарында құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізетін болады.