Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД «Шығу қабылдау» өткізді

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Степногорск қаласына шығуымен азаматтарды қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстың қылмыстық-атқару жүйесі ведомствосының басшысы ЕЦ-166/18 мекемесіне барды, онда колония штабында Қайрат Айдарбеков Степногорск және оған жақын елді мекендердің тұрғындарымен кездесті.

– Өңір тұрғындарымен шығу кездесу өткізу, негізінен, сотталғандардың туыстары, ауыр және шешілмеген мәселелерді тыңдау мақсатында шешілді. Govid-19 бойынша шектеу шаралары жағдайында азаматтар бұрын қолданылғандай, маған жеке қабылдауға баруға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан бұл кездесу екі жаққа да қажет деп ойлаймын, – деп Ақмола ҚАЖД бастығы өз ойымен бөлісті.

Сағат онға дейін мекеменің кіреберісінде бірнеше адам тұрып, бір-біріне өз тарихын, сұрақтары мен алаңшылықтарын айтып берді. Көп ұзамай кездесуге келгендермен жұмыс басталды. Кездесу беру, тамақтану нормалары, сотталғандарға медициналық көмек көрсету, сотталғандардың хаттар мен өтініштер беру мүмкіндігіне қатысты сұрақтарға жауаптардан басқа, қабылдауға келген адамдарға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының жобасы туралы ақпарат жеткізілді.

Барлық сұрақтарға жауап алып, степногорлықтар ұйымдастырылған кездесу үшін облыстық ҚАЖ басшысына алғыстарын білдірді.

– Менің ұлым жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр, бұл мекемеде жеті жыл болды, туыстарының сұрақтары бойынша мұндай қабылдауды ҚАЖ департаментінің бастығы бірінші рет өткізіп отыр. Бұл өте ыңғайлы, алдын-ала жазылусыз, бәрін сұрауға мүмкіндік бар. Бүгінгі жағдайда бізбен кездесуге мүмкіндік тауып, сотталғандарға бейне байланыс арқылы туыстарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Ұлы мамандықты колония қабырғасында алды, қолдау мен түсіністік үшін көп рахмет, – дейді сотталушының анасы Ольга.

Бұдан әрі, Қ.И. Айдарбеков тұрғын үй аймағының, мекеменің асханасының, медициналық бөлімнің, өнеркәсіптік аймақтың және ұзақ кездесу бөлмесінің үй-жайларын аралап шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру