Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері ұялы телефон сату дүңгіршектерін тексерді

ШҚО полицейлері ұялы телефон сату дүңгіршектерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мүлікті қорғау жөніндегі Ішкі істер министрлігінің бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Өскемен және Семей қалаларының криминалдық полиция бөліністері 26-27 маусым күндері ұрланған телефондарды сату фактілерін анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді.

Өткен демалыс күндері жедел қызметкерлер бұрын пайдаланған 42 телефондарды өткізу орындарын тексерді. Тексеру барысында үш мың телефон тексерілді, оның ішінде 14-і криминалдық сипатқа ие. Олар алынып сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркелді.

Сондай-ақ рейд жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұялы телефондарды сатушылармен
қасақана қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған профилактикалық жұмыс тиімді нәтижелер береді және жүйелі түрде жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру